2025 жылғы 12 маусымы сағат 16-00-де «AMANAT» партиясының ғимаратында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын өткізу жоспарлануда. Сессия Фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде аудандық мәслихат парақшасында көрсетіледі.
Сессияның күн тәртібінде:
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Тайынша ауданы бюджетінің, Тайынша қаласы бюджетінің, Абай, Алабота, Амандық, Большеизюм, Донецк, Драгомир, Зеленогай, Келлер, Киров, Краснополян, Летовочный, Мироновка, Рощинск, Теңдік, Тихоокеан, Чермошнян, Чкалов және Яснополян ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерді бекіту туралы.
- Тайынша ауданының елді мекендерін санитарлық тазарту және абаттандыру айлығы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Тайынша ауданында туристік саланы дамыту туралы.
- Тайынша ауданында жұмысшы кәсіптер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы.
- Әртүрлі.
Аудандық мәслихат
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tayynshinskogo-rayona/press/news/details/1009979?lang=kk

Жауап қалдыру