
30 мамыр күні аудандық мәслихат депутаты Ерлан Қабитханұлы Шаммуханбетов Қабанбай ауылдық округ әкімшілігінде тұрғындармен кездесті.
Есеп беру кездесуінде аудандық мәслихат депутаттары өз сайлау округтері бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап берді.
Кездесуге жиналғандар жол белгілерінің дұрыс орнатылуын тағы да басқа мәселелерді қозғады.Сонымен қатар, тұрғындар ауылдың шетіндегі бейітті қоршауды ұйымдастырсаңыз деген ұсыныстарын да жеткізді. Депутат көтерілген мәселелердің барлығы да назарға алынып, алдағы уақытта шешу үшін қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Есепті кездесуден соң тұрғындар «қанағаттанарлық» баға беріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1009622?lang=kk

Жауап қалдыру