Ауданға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының инспекторы Балғабаев Бауыржан Еркенұлы келді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының инспекторы Балғабаев Бауыржан Еркенұлы келді.

 

Сапар аясында ол Дамса ауылында салынып жатқан блокты-модульді қазандықтың құрылыс алаңында болды.

 

Қазіргі уақытта қазандық ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қазандықтар мен қосалқы жабдықтар сатып алынған.

 

Жобаны аяқтау маусым айының соңына жоспарланған. Бұл нысанның іске асырылуы ауылдағы әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын сенімді әрі энергия үнемді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1009987?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді