
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай орталық саябақта «Елдің сәні – ерке балғындар» атты мерекелік іс-шара өтті.
Балаларға көңілді қуаныш сыйлаған мерекелік іс-шарада аудан әкімі Дархан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, биылғы оқу жылында жоғары жетістіктерге жеткен бірқатар оқушыларға, жас спортшыларға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.
Мерекеге орай түрлі ойындар, спорттық жарыстар өткізілді.
Іс-шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1010034?lang=kk

Жауап қалдыру