
«БАЛА. ОТБАСЫ. ҚОҒАМ» тақырыбында облыстық ата-аналар жиналысы өтті
Білім беру ұйымдарының ата-аналары оффлайн және онлайн форматта қатысып, барлығы 20 мыңға жуық ата- ана қамтылды.
Шарада қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс, буллинг, өзіне-өзі қол жұмсау, тыйым салынған заттарды алып жүруі сынды өзекті мәселелер туралы облыс прокурорының орынбасары – Сәкен Тагиберген, полиция департаментінің орынбасары – Ардана Саймағамбетов, білім басқармасының басшысы – Бұлбұл Күзембаева баяндап, талқылады.
Сонымен қатар облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатының ата-анасы Ермек Меңдібайұлы Нұрманов «Баланың тұлға болып қалыптасуындағы ата-ананың ролі» туралы ой қозғаса, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологы Медеухан Тобышқызы Жасжанова ата- аналардың психологиялық денсаулығы және білім алушылардың жасөспірім шақтағы мінез-құлқындағы өзгерістерге ата-ана қалай жауап беру керек сияқты сұрақтарға, ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы негізгі қадамдарға тоқталып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1009508?lang=kk

Жауап қалдыру