
2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстары Целиноград ауданында аяқталды. Аудан Ақмола облысында бұл маңызды аграрлық кезеңді табысты аяқтаған алғашқылардың бірі болды. Бұл нәтижеге ауыл шаруашылығы құрылымдарының үйлесімді жұмысы, жақсы ұйымдастыру және қолайлы ауа райы жағдайларының арқасында қол жеткізілді.
Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, жаздық егіс алқабы 261 166 гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 618 гектарға көп. Егіс алқаптарының негізгі бөлігін әдеттегідей дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алып отыр, олардың көлемі 4 637 гектарға артып, 215 141 гектарға жетті.
Биылғы жылы майлы дақылдарға ерекше назар аударылды – олардың егіс көлемі 12 мың гектардан астамға ұлғайып, 30 415 гектарға жетті. Бұл – өңірдің кірістілігін арттыруға және экспорттық әлеуетін күшейтуге бағытталған стратегиялық шешім.
Жемшөптік дақылдар, сондай-ақ картоп пен көкөністер егілетін жер көлемі азайғанына қарамастан, диқандар қабылданған бағыттың экономикалық тұрғыдан да, жерді ұтымды пайдалану тұрғысынан да өз тиімділігін көрсететініне сенімді.
Целиноград ауданы Ақмола облысындағы алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылық өңірлерінің бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде. Егіс науқанын алғашқылардың бірі болып аяқтауы – соның айқын дәлелі.
Жаз әлі алда. Диқандарды алда қыруар жұмыс күтіп тұр. Олар мол өнім алу үшін жауын-шашынға және мықты еңбек еңбек қолдарға үміт артып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1009794?lang=kk

Жауап қалдыру