
Дурумбетов Еркін Ермекұлы – жоғары санаттағы дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
1951 жылы 25 қарашада Жамбыл облысы Үшарал ауылында дүниеге келген. Қарағанды медициналық институтын тәмамдаған (1974), біліктілігі –
санитариялық дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар, эпидемиология саласында маманданған. Мидлсекс университетінде (Ұлыбритания) оқыған және Денсаулық сақтау жоғары мектебінде MBA дәрежесін алды.
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 45 жылдан астам тәжірибесі бар, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау органдарында басшылық лауазымдарды атқарған – Денсаулық сақтау министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері (1996-2000), Жамбыл облыстық Кеңесінің депутаты.
КСРО мен Қазақстанның «Денсаулық сақтау үздігі» белгісін қоса алғанда «Құрмет», «Ave Vitae», «Ұлт Даңқы», «Гиппократ» (РФ) ордендерімен, 14 медальмен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1009718?lang=kk

Жауап қалдыру