Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 1 маусымда «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орталық кеңсесінде ҚР ЭЖТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске Алматы, Жетісу облыстары аумақтық инспекция басшылары және ЕҚТА  мекеме басшылары қатысты.

Кеңес барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпті маусымның басталуына байланысты шараларға ерекше назар аударылды.

Кеңеске қатысушылар өрт жағдайларына жедел әрекет ету, тәулік бойы кезекшілік пен мониторингті күшейту, сондай-ақ тиісті қызметтер мен табиғат қорғау мекемелерінің өзара үйлесімді жұмыс істеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аумақтардағы бақылап-өткізу пункттерін (БӨП) автоматтандыру мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тиісті бақылау мен төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1008920?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді