Іздеу операциясы сәтті аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ТЖМ құтқарушылары 1 маусым күні Риддер қ. 30 шақырым қашықтықтағы таулы жерлердегі орман алқабында адасып кеткен 1954 ж.т., әйелді тапты.

Әйел шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне оралмаған. Тәулік бойы онымен байланыс орнату мүмкін болмады. Іздестіру ауданы – жету қиын, таулы, қалың орманмен қиындай түсті.

Жоғалу туралы ақпарат келіп түскеннен кейін бірден ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталды. Аумақты әуеден тексеру үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды. Сондай-ақ, жерасты құтқару топтары жұмылдырылды.

Әуе аралау барысында жоғалған адам орман алқабының арасындағы ашық аумақта табылды. Оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1009803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді