
Аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесуі Суханбаев ауылдық округінің Жақаш елді мекенінде орналасқан ауылдық клубта болып өтті. Онда аудан басшысы ауыл тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуде тұрғындар тарапынан ауылдағы электр бағаналары мен электр желілерінің тозығы жетуі, Жақаш ауылындағы «Айнұр» бөбекжай-бақшасына жөндеу жұмыстарын жүргізу мен жылу жүйесін газға қосу, «Сәмбет» каналын жөндеу, тағы да басқа мәселелер көтерілді. Әрбір сұрақ қойғандар мен өз ұсыныстарын жеткізген тұрғындарға жеке-жеке жауаптар қайтарылып, айтылған мәселелердің қалай, қашан шешілетіні түсіндірілді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1009212?lang=kk

Жауап қалдыру