Күн бәріне жарқырайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн бәріне жарқырайды

 Ағымдағы жылғы 1 маусымда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша «Ритм» жастар қоғамдық бірлестігі Балаларды қорғау күніне арналған «Күн бәріне жарқырайды» мерекелік іс-шара өткізді.   Ол іс-шараға мыналар кірді: аниматорлармен «Фестивальдің ашылуы» шоу-бағдарлама, «Yaya park» ойын-сауық орталығына бару.  

«Золотой фазан» қонақ үй-сауық кешені базасында іс-шара аясында «Домбырада ойнау», «Бейнелеу өнері», «Әуе шарларынан модельдеу» қызығушылықтары бойынша мастер-класстар өткізілді. «Көңілді старттар» алаңы жұмыс істеді, ән және би байқаулары, суреттер мен қолдаңбалы шығармашылық көрмесі өткізілді.

Іс-шараға облыс өңірлерінен 80-нен астам бала қатысты.

Барлық қатысушы балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік бағдарламаның қорытындысы бойынша балалардың қатысуымен гала-концерт өткізіліп, сурет және қолдаңбалы шығармашылық көрмесіне қатысушылар марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1010037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді