
Ағымдағы жылдың 30 мамырында экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, онда 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы, сондай-ақ «Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ 2024 жылға арналған салық алымдарының және аудан бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» мәселелер қаралды. Сондай-ақ, XXXVI кезекті сессия өткізілді, онда «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы, Аршалы ауданының басқару схемасын бекіту туралы, Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы қарастырылды. Сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1009188?lang=kk

Жауап қалдыру