
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Аудан әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2025 жылдың І-тоқсанында аудан көлемінде 12 192 мемлекеттік қызмет көрсетілгені және олардың 73,6%-ы электронды түрде ұсынылғаны туралы баяндалды. Ең көп қызмет көрсеткен бөлімдер – жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары және құрылыс, сәулет және қала құрылысы салалары. Бұл туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Сауытбек Жасұлан мәлімдеді.
Мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзім бұзу, жұмыс кестесін сақтамау, бизнес-процестерді орындамау және толық емес құжаттармен қызмет көрсету сияқты бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың көпшілігі өтініштерді уақытылы тіркемеу, қызмет алушыға бас тартудың себебін дұрыс хабарламау және тыңдалым өткізбеу мәселелерінен туындап отыр.
Сонымен қатар, Ж.Мұхтарұлы әр ауылдық округтің тазалық жағдайына тоқталып, кейбір аудандарда қоқыс шығару, көше тазалығы және абаттандыру жұмыстарының кемшіліктері бар екенін айтты. Аудан басшысы тазалық мәселесін басты назарда ұстап, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1010126?lang=kk

Жауап қалдыру