Облыс әкімінің орынбасары Ырғыз ауданында бірқатар әлеуметтік нысанды аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл инфрақұрылымының жай-күйімен және бірқатар әлеуметтік нысандарымен танысты.

Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары алдымен Құрылыс ауылдық амбулаториясына барды. Бұл нысан 2012 жылы салынған және 2024 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі таңда 1 дәрігер, 3 мейірбике, 1 жүргізуші және 1 тазалықшы жұмыс істейді. Амбулатория жергілікті тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарып отыр.

🔸Содан кейін Абзал Әбдікәрімов Ырғыз ауылындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ашылған «Райана» шағын наубайханасына барды. Кәсіпкер Айгүлім Ақатайқызы 6,6 млн теңге несие алып, күніне 250 дана нан өнімін өндіріп, жергілікті тұрғындарды қолжетімді бағамен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жобада екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Одан әрі облыс әкімінің орынбасары Ырғыз аудандық ауруханасының қызметімен танысты. Медициналық мекеме 1975 жылы салынған, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы жүргізілген. Аурухана жалпы ауданы 3 200 шаршы метрді құрайды, 253-тен астам қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 35 дәрігер мен 125 мейірбике бар.

🔹Сапар барысында мәдени және қосымша білім беру нысандары да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, 1972 жылы салынған көркемсурет мектебі мен 1978 жылғы «Ырғыз» мектептен тыс аула клубының және 1970 жылы пайдалануға берілген балалар өнер мектебінің ғимараттарының тозығы жеткені анық байқалды. Аталған нысандардың барлығы жаңартуды немесе жаңа ғимарат салуды қажет етеді.

Аудан тұрғындары облыс әкімінің орынбасарына әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалардың шығармашылық және спорттық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

🔹📌Жұмыс сапары қорытындысында Абзал Әбдікәрімов көтерілген мәселелер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берілетінін атап өтті. Сапардың басты мақсаты – шалғай ауылдардағы халықтың жағдайын көзбен көру және нақты проблемаларды шешуге бағытталған шаралар қабылдау екенін алға тартты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1009555?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді