
Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышовтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы:
Құрметті балалар, ардақты ата-аналар мен қала тұрғындары!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балалар – біздің басты байлығымыз, шабыт көзі және жарқын болашаққа деген үмітіміз. Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың білім алып, жан-жақты дамуы үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі.
Қаламызда балалар үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда: заманауи ойын және спорт алаңдары, жаңа мәдени нысандар бой көтеруде. Біз бұқаралық балалар спортын қолдап, әр баланың өз қабілетін танытып, бақытты өсуі үшін барлық жағдай жасаудамыз.
Бүгінгі мереке аясында қаламызда түрлі концерттер, спорттық турнирлер, танымдық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Қымбатты балалар! Бала шақтарыңыз шаттық пен қуанышқа толы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1009371?lang=kk

Жауап қалдыру