
30 мамыр күні қалалық №17 емханада балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні ерекше қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлінді. Олар үшін аниматорлардың қатысуымен, ойындар мен көңілді бағдарламалармен жарқын әрі мейірімді мереке ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалар асфальтқа сурет салып, өз әсерлерімен және қуаныштарымен бөлісті.
Ата-аналар балаларына көрсетілген қамқорлық, назар мен жылы атмосфера үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, емхана әкімшілігінің бастамасы және қолдауы арқасында балаларға азық-түлік себеттері мен ойыншықтар табысталып, бұл мерекенің әсерлі әрі жүрекке жылы аяқталуына себеп болды.
Осы іс-шараның жүзеге асуына мүмкіндік берген демеушілерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз:
Pregio Pharma – басшысы Халилов Рамин Халилұлына және компания өкілі Айымға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
“Нобел” фармацевтикалық компаниясы – бас директор Левент Сандалжы мырза атынан алғысымызды білдіреміз.
“Бионорика” ЖШС – менеджер Клименко Оксана ханымға алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында бұл мереке біздің кішкентай қонақтарымыз бен олардың отбасылары үшін шынымен де жылы, шынайы және ұмытылмас күнге айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1008847?lang=kk

Жауап қалдыру