Қарағанды медицина университетіне – 75 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды медицина университетінің құрылғанына 75 жыл толады – бұл ғалымдар, оқытушылар, студенттер және тәжірибелі дәрігерлердің қолымен жазылған тарих. Осы жылдар ішінде ЖОО 47 мыңнан астам маман дайындады. Оның түлектері Қазақстанның әр өңірінде және одан тыс жерлерде еңбек етеді.

Мерейтойға орай ЖОО-да Орталық Азия халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

Қазақстан, Орталық Азия, Еуропа, Ресей және Вест-Индиядан 100-ден астам қатысушы медицинаның бүгінгі күнін және болашағын талқылау үшін жиналды. 

Басты тақырып – «Медициналық білім 4.0: жаһандық трендтер мен жергілікті шешімдер».

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов конференцияны аша отырып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары оқу орнын мерейтойымен құттықтау хатын оқып берді. Онда Мемлекет басшысы кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін, университеттің халықаралық беделін және оның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев медициналық университет – бұл жай ғана оқу орны емес, аймақтың нағыз ғылыми бренді екенін атап өтті.

– Мұнда озық зерттеулер жүргізілуде, онсыз заманауи медицинаны дамыту мүмкін емес. Бұл кәсіби мамандардың бірнеше буынысіңірген еңбегінің нәтижесі, – деді өңір басшысы.

Конференция қонақтары үшін заманауи медициналық технологиялар көрмесі әзірленді, 

онда жаңа туған нәресте Павликтен (Паулдан) бастап патологоанатомдарға арналған тренажерлерге дейін түрлі буындағы шынайы симуляторларды, 

оңалтуға арналған виртуалды кешендерді, жасанды интеллект базасындағы білім беру платформаларын көруге болады.

Университет бір орында тұрмайды – ол цифрлық технологияларды енгізеді, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді, Қазан медициналық университетімен екі дипломдық бағдарламаны іске қосады.

Био- және IT-медицинаға, жасушалық технологияларға ерекше назар аударылады.

Ректордың міндетін атқарушы Виктор Риклефс атап өткендей, «ЖОО-ның міндеті уақытқа сай қадам басып қана қоймай, болашақты қалыптастыру».

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1009930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді