
Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі Лариса Қайырғалиева қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға Бөрлі ауылынан және Орда ауылдық округінің Қарасу елді мекенінен көп балалы аналар келді. Бірі тұрақты жұмысқа кіруге көмек сұраса, екіншісі тұрғын үй алуға өтінішін айтты. Қабылдауда болған аналардың өтініштері тиісті мекемелерге, сонымен қатар тұрғын үй кезегіне де құжаттары жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1009420?lang=kk

Жауап қалдыру