ҚУҒЫН – СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан орталығындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш алаңында «Сұрапыл жылдар зардабы» атты еске алу жиыны өтті. Айтулы шараға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудандық мәслихат төрағасы С.Социал және әкімдік, мекеме қызметкерлері мен ауыл ақсақалдары бастаған тұрғындар қатысты. Ескерткіш алаңында аудандық мәслихат төрағасы С.Социал, ауданның ардақты ақсақалдары Б.Жумкин мен Е.Жәнібеков бастаған барша қауым гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алысты. Сонымен бірге, аудандық мәслихаттың төрағасы сөз сөйлеп, қасіретті жылдардың қазақ халқына келтірген залалын тілге тиек етті. Шара соңында аудандық Жанғұтты би атындағы орталық мешіттің бас имамы Б.Махамбетчин марқұмдар рухына арнап құран бағыштады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1009823?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді