
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.
Осыған орай, 2025 жылғы 4 маусым күні сағат 11:00-де аудандық дербес бөлімдерінің ғимаратында орналасқан фронт-офисте (Мадиходжаев көшесі, 28 үй) Мақтаарал ауданы әкімдігіне қарасты мекемелердің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады.
Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қатысады.
Осы бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өз сауалдарыңызды қойып, кеңес алуға мүмкіндігіңіз бар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1009519?lang=kk

Жауап қалдыру