САЙРАМ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
САЙРАМ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
31 мамыр Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Сайрам ауданы аумағында кең көлемді санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында өткен бұл игі шара барысында көше бойлары қоқыстан тазартылып, қураған ағаштар кесіліп, аумақтар ретке келтірілді. Аудан тұрғындары белсенділік танытып, бір кісідей жұмыла әрекет етті.
Аталған іс-шараға барлығы 6678 адам қатысып, 36 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигон аумағына 116 тонна қатты тұрмыстық қалдық тасымалданып, табиғат тазалығына үлкен үлес қосылды. Бұл бастама – Сайрам жұртшылығының қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарасын айқын көрсетіп, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1010122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді