
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты — қызметкерлердің деструктивті діни ықпалдарға байланысты қауіптер туралы хабардарлығын арттыру және идеологиялық үгіт-насихатқа қарсы иммунитетті қалыптастыру болды.
Семинарға теолог, Астана қаласы әкімдігінің «Qamqor Astana» қоғамдық қорынан шақырылған маманы Арман Нұрахметұлы қатысты.
Қатысушыларға жастардың деструктивті діни ағымдарға тартылу жағдайларын бейнелейтін бейнематериалды ұсынды.
Сонымен қатар тыңдаушылар Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған діни ұйымдар мен бірлестіктердің тізімімен танысты.
Өткізілген семинар мемлекеттік қызмет саласында діни экстремизмге қарсы іс-қимыл дағдыларын нығайтуға және өзекті қауіптерді терең түсінуге ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1009733?lang=kk

Жауап қалдыру