
2025 жылғы 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орай Талдықорған қаласында ерекше күтімді қажет ететін және мүгедектігі бар балаларға арналған «Ғажайып әлем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шараны Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы қатысып, балалар мен ата-аналарды төл мерекелерімен құттықтады.
Іс-шараның мақсаты – мүгедектігі бар және ерекше күтімді қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау, оларды қорғау және қоғамда өз орындарын табуына қолдау көрсету. Сонымен қатар, бұл шара балалардың рухани дамуына ықпал етіп, олардың әрқайсысының қайталанбас тұлға екенін сезінуге мүмкіндік берді.
Мерекелік бағдарлама аясында балалар үшін ойын-сауықтар, шығармашылық шеберлік сағаттары, ән мен би қойылымдары ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Шара соңында балаларға арналып арнайы дастархан жайылып, тәттілер мен сусындар ұсынылды. Бұл сәт балалар үшін шынайы қуаныш пен мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Ғажайып әлем» іс-шарасы – ерекше балаларға қоғам назарын аударып, оларды қолдау мен қамқорлықтың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеген игі бастама болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1009652?lang=kk

Жауап қалдыру