Таза Қазақстан акциясы аясында Теректі ауылдық округінде ұйымдастырылған “Бұлақ көрсең, көзін аш” акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теректі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық іс-шара өтті. Акция барысында ауыл тұрғындары мен еріктілер жергілікті бұлақ көзін тазалап, оның маңайын әрлеу және қорғау жұмыстарын жүргізді.

Іс-шарада бұлақ көзінің айналасы тазартылып, артық қоқыстардан арылды. Сондай-ақ, бұлақтың айналасы ақталып, сырланып, табиғи орта жақсартылды. Тұрғындар экологиялық жауапкершілікті сезініп, бірлесіп жұмыс істеді.

Акцияның мақсаты – жергілікті су көздерін қорғау, табиғатқа деген қамқорлықты арттыру және халықты экологиялық тәртіпке баулу. Бұл іс-шара ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/1009423?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді