Жағажай волейболы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1-маусым күні Қопа көлі жағалауында балаларды қорғау күніне орай түрлі спорт  жарыстары өтті.

Азаматтар арасында ерекше қызығушылықты тудырған жағажай волейболы — бұл жазғы маусымда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Классикалық волейболдан айырмашылығы — құмда әр командада екі ойыншыдан ойнап,  ойынды әлдеқайда серпінді және қызықты етеді.

Жарыстың ұйымдастырушы  «Энергия» спорт клубының жетекшісі – Александр Коленко. Турнирге 16–17 жастағы  қыздар мен ұлдар командалары қатысты. Барлық ойындар нағыз спорттық тартыс жағдайында өтіп, қатысушылар жоғары физикалық дайындықтарын, командалық рухты, жеңіске деген жігер мен табандылықты көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар қалалық мәдениет және спорт бөлімінің атынан мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарыс мерекенің көркін кіргізіп қана қоймай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.                         

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1009402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді