Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
✔️1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазығұрт ауданында «Бала күлкісі – баршаға ортақ қуаныш» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында балаларға шаттық сыйлайтын концерттік бағдарламалар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
✔️Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев сөз сөйлеп, балғын бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, «Балалар – ел ертеңі, ұлт болашағы. Олардың бақытты балалық шағы үшін жағдай жасау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Білімді, саналы, дені сау ұрпақ тәрбиелеу – мемлекетіміздің басты мақсаты» деді.
✔️Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары мәдениет, спорт, білім мен ғылым салаларында жетістікке жетіп, аудан абыройын асқақтатып жүрген жастарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
✔️Мерекелік шара аясында аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар да ұмыт қалмай, мерекелік сыйлықтар тарту етілді. Мерекелік шараға қатысқан бүлдіршіндер «Бейбіт өмір мен жарқын болашақ – балалар үшін!» деген ұранмен мерекені қорытындылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1009198?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді