
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Ақмола облысында Сандықтау ауылындағы жыл бойы жұмыс істейтін «Жас Дәурен» және Бурабай ауданындағы «Звездный» балалар лагерлерінде алғашқы жазғы ауысым ашылды. Демалуға және сауықтыруға Егіндікөл, Жарқайың, Бурабай, Ақкөл, Біржан сал және Бұланды аудандарынан шамамен 160 бала келді.
Лагерьлер бағдарламасы спорттық жарыстарды, шығармашылық шеберлік сабақтарын, экскурсияларды, туристік жорықтар мен түрлі іс-шараларды қамтиды.
Сонымен қатар, 208 мектеп базасында 36 мыңнан астам баланы қамтитын мектеп жанындағы жазғы алаңдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, 4 600 баланы қамтитын шатырлы және киіз үйлік лагерьлер өткізіледі.
Бұдан бөлек, 5–9 сынып оқушылары үшін дебат, көшбасшылық, әскери-патриоттық және басқа бағыттар бойынша 350 бейінді алаң жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1010027?lang=kk

Жауап қалдыру