📌Химиялық заттарды қауіпсіз сақтау және пайдалану

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔸Қазіргі уақытта химиялық заттар жұмыстың көптеген түрлерінде қолданылғандықтан, жұмыс орнында белгілі бір қауіптер тудырады. Дегенмен, химиялық заттарды қауіпсіз пайдалану белгілі бір ережелердің сақталуын талап етеді. Жыл сайын нарықта химиялық заттардың жаңа түрлері пайда болып, қолданыс аясы да артады. Химиялық заттардың денсаулыққа канцерогендік, мутагендік немесе тератогендік әсері бар және олардың сақталуы мен қолданылуы қатаң бақылауда. Сондықтан химиялық заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бастапқы міндет болып табылады.
🔸Адамның тіршілік ету ортасына қолайсыз әсер ету жағдайларын, сондай-ақ абайсызда улану жағдайларын болдырмау мақсатында химикаттарды, күшті әсері бар улы заттарды (бұдан әрі – КӘУЗ), прекурсорларды және пестицидтерді сақтау эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге сияқты рұқсат тәртібі белгіленген арнайы жабдықталған үй-жайларда (қоймаларда) жүзеге асырылады. Химиялық заттарды, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға, өткізуге және пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда міндетті түрде объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық акті болуы тиіс.
🔸Санитарлық ережелерге сәйкес қойманың үй-жайлары сақталатын өнімдердің көлеміне немесе тоннасына қарай жобаланады және сөремен, табиғи (терезелер, желдеткіштер) немесе мәжбүрлі желдетумен жабдықталады. Қоймада қолжуғыш орнатылады, ірі базистік қоймаларда – душ, залалсыздандыру құралдары, жеке қорғаныс құралдары және алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болуы керек. Қойма үй-жайларын пестицидтерді тамақ өнімдерімен, жем-шөппен, әртүрлі материалдармен және тұрмыстық заттармен бірлесіп сақтау үшін пайдалануға тыйым салынған. Сондай-ақ, пестицидтерді минералды тыңайтқыштармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді. 🔸Пестицидтерді қойма ішінде орналастыру олардың уыттылығы мен тұтанғыштығы, химиялық үйлесімділігі және сақтау температурасының режимдері бойынша жүзеге асырылады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану тек тіркеу куәлігімен жүзеге асырылады.
🔸Пестицидтерді (улы химикаттарды) тұрмыстық және ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің қатаң режимі аймағында, балалар, спорттық-сауықтыру, медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы кәсіпорындары аумағында пайдалануға жол берілмейді. Шектеу аймағында 1 және 2 қауіптілік класындағы пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалануға тыйым салынады.
🔸Облыс аудандарында авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу кезінде ауыл шаруашылық құрылымдарының су айдындары мен топырақтың пестицидтер қалдықтарымен ластауына жол бермеу үшін әуе техникасына (ұшақтар, бүрку техникасы, дәрілеу машиналары) жанармай құю және орналастыру орындарын ұйымдастыру қажет.
🔸Жұмыс орнындағы химиялық қауіптерді бақылау кезінде, ең алдымен химиялық заттарды өндірушілер мен пайдаланушылардан ықтимал тәуекелдер мен қабылданатын сақтық шаралар туралы ақпарат (нұсқаулар) қажет. Жұмысшылар мен қоршаған ортаны қорғау үшін аталған ақпаратты жұмыс берушілер қажетті сақтық шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету үшін пайдалануы керек. Химиялық заттарды пайдалана отырып жұмыс істеген кезде тамақ ішуге, шайнауға, ішуге, темекі шегуге тыйым салынады. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері, өз кезегінде, өз денсаулығына және басқа адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне сақтықпен қарауы тиіс, себебі олардың жансақ әрекеттері мен жұмыстағы қателіктері кері әсер етуі мүмкін. Жұмысшылардың жеке қорғанысы мен жауапкершілігі болуы керек. Жоғарыда аталған талаптарды, қауіпсіздік шараларын және қорғаныс шараларын қатаң сақтау арқылы ғана химиялық заттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына жағымсыз әсерін болдырмауға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1010921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді