Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.
Осыған сәйкес, 2025 жылдың 4 маусым күні сағат 11:00-де Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі 228 мекен-жайда, “Ордабасы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі” ғимаратында азаматтарды қабылдау іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады.
Жауап қалдыру