
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жанама ауылында “Балдаурен” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара аясында жазғы лагердің салтанатты ашылуы өтіп, балалар үшін ерекше қуаныш пен шаттыққа толы күн болды. Мектеп оқушылары арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалап, өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, балалар арасында “Көңілді суреттер” байқауы өткізіліп, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік берілді. Үздік сурет авторлары марапатталып, қатысушылардың барлығына демеушілер тарапынан тәтті балмұздақтар үлестірілді.
Іс-шара ауыл балаларына шат көңіл мен жарқын естеліктер сыйлап, жазғы демалыстың керемет бастамасына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1011050?lang=kk

Жауап қалдыру