Абай облысында мал өсірушілер күніне орай студенттермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мал өсірушілер күніне орай Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shakarim University студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарды ауыл шаруашылығы саласының қазіргі мүмкіндіктерімен таныстырып, болашақ мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ аграрлық сектордың заманауи бағыттарын насихаттау болды.

Кездесу аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Студенттерге мемлекеттік құрылымдардағы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы нақты жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, кәсіби даму бағытында кеңестер ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасынан Мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің басшысы Қуаныш Дәулетұлы қатысып, студенттермен ашық диалог жүргізді. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы даму перспективалары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Бұл жиын – жас мамандарды ауыл шаруашылығы саласына тарту және мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1010419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді