Айлықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 21-бабына сәйкес көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін біріздендіру және тіл заңнамасының талаптарын сақтау.
Айлық аясында Абай облысы бойынша өңірлердегі бизнес субъектілері (сауда, ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары т.б.) мен халыққа қызмет көрсету мекемелеріндегі (емханалар, тіс емханалары, Қазпошта, Қазтелеком, ХҚКО, қоғамдық көліктер және т.б.) көрнекі ақпарат пен жарнама тілінде, ас мәзірінде, бақылау-касса машиналарының бақылау чегінде Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына монитринг жасалынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1010723?lang=kk

Жауап қалдыру