Ағымдағы жылдың 26 мамырында аудандық мәслихатының кезектен тыс 31 сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оған аудан әкімінің орынбасары Н.Сарманов, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім башылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «2025-2027 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №26-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова хабарлама жасады.

Депутаттар аталған мәселеге байланысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Көпір мәселесі, аялдамалар орнату, балалар ойын алаңдарын салу туралы мәселелерін қозғады.  

Күн тәртібіне қойылған мәселе толықтай талқыланып, олар бойынша қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhylyoy-district/press/news/details/1010468?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді