
Киелі ақжарқын Ақтау жерінде Ақмола және Маңғыстау облыстары мәслихаттарының депутаттары мен аппараттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға арналған кездесулер өтті.
«Біздің бірлескен іс-қимылымыз өзара сенім мен түсіністікке негізделген сындарлы диалогты дамытып, ортақ бастамаларды жүзеге асыруға және өңірлер арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп сенемін»,- дейді Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов.
Маңғыстау облысы – еліміздің экономикалық және қоғамдық өмірінде ерекше орын алатын өңір. Сонымен қатар, өзінің географиялық, тарихи және мәдени ерекшеліктерімен танымал.
Біздің облыстарымыз инвестициялық қызмет, білім беру, әуе қатынасы және басқа салаларда табысты ынтымақтасып келеді.
Осығай орай Ақмола және Маңғыстау облыстарының мәслихаттары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық бірлескен бастамаларды іске асыру, шешім қабылдау сапасын арттыру және жергілікті өзін-өзі басқарудың озық тәжірибелерін енгізу үшін жақсы негіз болатыны анық.
Маңғыстау облысына іссапар аясында ақмолалық облыстық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіндегі «Түркі халықтарының өркениеті және оның әлемдік мәдениет тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Осы кездесулер тұрақты серіктестіктің бастамасы болып, тиімді және жасампаз жұмыс үшін жаңа көкжиектер ашуға үлкен мүмкіндік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1010735?lang=kk

Жауап қалдыру