
Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессиясы облыстық мәслихат төрағасы Мұса Хайруллиевтің төрағалығымен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, аппарат басшысының орынбасары қатынасты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ердос Әбдісаттаров «Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамына» енгізілетін өзгеріспен таныстырды.
Сондай-ақ «Атырау облысының құрметті азаматы атағына» ұсынылған Болат Қабижанов, Жақсылық Сарсенов, Ерсайын Дюсемалиев, Махамбет Досмухамбетов, Шагимардан Даурешов, Орындық Сиплова, Александр Думлер, Ұлдай Аманғалиева, Базар Есқожаның қызмет атқарған кезде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, еңбек жолымен таныстырып, депутаттар қолдауына ұсынды.
Сессияда «Атырау облысы аумағында Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары мен шарттарына қатысты өзгерістер енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1010953?lang=kk

Жауап қалдыру