Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне Заң мен тәртіп” қағидасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде “Заң мен тәртіп. Қаржылық сауаттылық” тақырыптарында жиын өтті.

Қаржылық сауаттылық – қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім. Оның мақсаты жалпы қаржы саласына деген дүниетанымды кеңейту, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу және қаржылай зиян әрі шығын келтіретін жайттардан сақтандыру.

Жиын барысында Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Б. Анесов және жедел уәкіл Б. Қанатбеков қазіргі кезде онлайн міндеттемелердің пайда болуы, қаржы пирамидалары, несие ресурстарын қайтара алмау қоғам дерті екенін және қызметкерлерге қаржы түсінігі мен мәселесі қалай пайда болатынын атап өтті.

Жиын соңында қызметкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттарын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-atyrau/press/news/details/1011054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді