БАЛҒЫН БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Орталық Әл Фараби алаңында мерекелік шара өтті.
Алдымен, Орталық алаңда қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары «Әлемді балалар көзімен қарайық» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
Таңғы сағат 9.00-де басталған мереке думанға ұласты. Бүлдіршіндер асфальтке сурет салып, спорттық жарыстарға белсене қатысты. Асфальтте салынған суреттерде балалар еліміздегі бейбітшілік пен достықты, қоғамдық келісім мен бақытты балалық шақты бейнеледі. Бұдан бөлек, өнерлі өрендер сахна төрінде өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шараға арнайы келген қала әкімі Қайсар Маңқараев орталық алаңда балалардың өнерін тамашалап, суретші балаларға ақ тілегін арнады.
Жиын барысында түрлі спорттық ойындарда жүлделі орын алған бүлдіршіндер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Шара аясында қаламыздың қайырымды кәсіпкерлері балаларға балмұздақ үлестіріп, мерекелік көңіл күйді одан әрі арттыра түсті.
Бұл күн – балалардың шат күлкісі мен бақытты жүзін көріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік берген жарқын мереке болды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
 
Возможно, это изображение 3 человека, ребенок и текст
 
Возможно, это изображение 10 человек и свадьба
 
Возможно, это изображение 8 человек, толпа, улица, памятник и текст
 
Возможно, это изображение 15 человек и текст
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1010892?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді