Білім басқармасының басшысы Б. Күзембаеваның құттықтау сөзі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін – еліміздің барлық мектептерінде ерекше толғаныс пен қуанышқа толы күн. 11 жыл бойы білім алып, тынымсыз еңбек еткен оқушылар үшін үлкен өмірге қадам басатын маңызды кезең. Бүгін түлектер алдында үлкен таңдау, болашақ мамандықты дұрыс анықтау, әрі қарай білім алудың жолын белгілеу міндеті тұр.

Биылғы оқу жылын Ақтөбе облысында 185 819 оқушы аяқтап отыр. 10 481 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 641-і «Алтын белгіге» үміткер.

Қазіргі таңда облыста балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып жатыр. Өткен жылы 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді, қазіргі кезде 28 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2026 жылға дейін апаттық жағдайдағы, үш ауысымды мектептердің мәселелерін шешуді жоспарлап отырмыз. Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 заманауи талаптарға сай келетін мектеп салынатын болады. Осының барлығы да – балалардың келешекте бәсекеге қабілетті білікті маман болып қалыптасулары үшін жасалып жатқан шаралар.

Қадірлі мектеп түлектері!

Сіздерге еліне еңбек етер азамат болар деген үлкен үміт артамыз. Баршаңызға бірыңғай ұлттық тестілеу мен емтиханды өте жақсы тапсыруларыңызға тілектеспін. Ұстаздарыңыздың берген білімімен жоғары оқу орнына түсіп, өмірде өз орындарыңызды табыңыздар. Сапалы білім мен шынайы еңбек қана сіздерді биік мақсаттарға жетелейді. Болашақ мамандық таңдауда жүрек қалауымен қатар, елге, жерге қызмет етемін деген жауапкершілік те болуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағы болыңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1010203?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді