“БЖЗҚ” АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

“БЖЗҚ” АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда “Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары” тақырыбында өткізілетін Ашық есік күні” онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз.

Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.

Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.

Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.

Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар.

          Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2025 жылғы 11 маусым күні сағат 10-00 нан 16-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

     1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);

     2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);

     3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

            Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

            1 сессия – https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m6fb966208de04c90cc4b03abb272f211 

сілтемесімен өту керек.

            2 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb9db6c9b3448d81d16aff0cb64316f70

сілтемесімен өту керек.

            3 сессия– https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mda96f5e3a723790b039a3fb3a721db07

сілтемесімен өту керек.              

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1010768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді