ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 30 мамырда Ақмола ауылындағы «AMANAT» партиясының Целиноград аудандық филиалының ғимаратында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Ондаған ауыл тұрғыны тегін заңгерлік көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Акция барысында Целиноград ауданының тұрғындары ауданның жетекші құқықтық сарапшыларынан өз сұрақтарына білікті жауап алды. Сонымен қатар, барлық қалаушылар мемлекеттік органдар өкілдерінің жеке қабылдауына кіре алды.

Іс-шараға аудандық соттың судьясы, мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттар, нотариус, жекеменшік және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Ауыл тұрғындары жер телімдерін бөлу, жылжымайтын мүлікке құжаттарды заңдастыру, мүліктік даулар, сот орындаушыларының жұмысы және басқа да көптеген мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

«Халық заңгері» республикалық акциясы жыл сайын бүкіл Қазақстан бойынша өткізіліп, азаматтарды қолдаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1011020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді