
Целиноград ауданының әкімдігінде аудан әкімі Дарын Сабырғалидің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.
Жиналыс кадрлық тағайындаулар туралы хабарландырудан басталды. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Целиноград ауданының құрылыс бөлімінің басшысы болып Танирбергенов Айдос Нәкіпұлы тағайындалды. Танирбергенов Айдос Нәкіпұлы 1994 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. Бұл тағайындауға дейін «Целиноград Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Аудан әкімі жаңа басшыны тағайындалуымен құттықтап, алға қойылған міндеттерді табысты іске асыруына тілек білдірді. Сонымен қатар, бөлімнің алдағы қызметіндегі негізгі басымдықтарды атап өтті. Атап айтқанда – құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытында орындау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды күшейту.
Жиналыс барысында аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің өзекті мәселелері де қаралды. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы, абаттандыру жұмыстары және күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1010926?lang=kk

Жауап қалдыру