
Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және аудан тұрғындарына тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Іс-шара барысында тұрғындар тұрғын үй кезегіне тұру, еңбек даулары, шаруа қожалығын ашу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізу, қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесін беру мәселелері бойынша заңгерлерден тегін кеңес алды.
Аталған шараға Байғанин ауданының прокуратурасы, аудандық полиция бөлімі және денсаулық, білім, ауылшаруашылығы, тұрғын үй, жер қатынастары бөлімінің басшылары қатысып, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдады.
Қатысушылар өздеріне қажетті құқықтық ақпаратқа қол жеткізіп, нақты жағдайлар бойынша кәсіби көмек алды.
Халық тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1010412?lang=kk
Жауап қалдыру