
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі ол, индикаторлық межелердің орындалуы.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай мәлімдеді. Жауапты бөлім басшысы әр салаға қатысты межелерге жеке-жеке тоқталып, жоспардың орындалу барысын егжей-тегжейлі талдап өтті.
Қайрат Жолдыбайұлы көрсеткіштерді мұқият қарап шығып, жоспарды төмен орындаған мекеме басшыларын жеке-жеке тұрғызып, жауапты орынбасарлары және ауыл әкімдерімен бірлесіп жұмысты жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ, кезекті аппарат мәжілісінде аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы Мейрамхан Кемелханов жазғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман, дала өрттерінің алдын алу жұмыстары туралы баяндады.
Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту маңызды. Қайғылы оқиғалардың жиі орын алуына азаматтардың қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамай, белгіленбеген орындарда шомылуы себеп болып жатады.
Аудан әкімі суға шомылуға арналған орындарға арнайы белгілерді қою, арнайы су бассейндерін ұйымдастыру, өрт жағдайларын болдырмау мақсатында тұрғындарға, демалыс аймағының басшылары мен демалушыларға сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтті.
Жиын қорытындысымен аудан басшысы жауапты бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, аталған жұмыстардың орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1010175?lang=kk

Жауап қалдыру