
2025 жылғы 30 мамыр күні Карғалы ауылдық аудандық ауруханасында №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандарының қатысуымен түсіндіру жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 2 мамырдағы №131 бұйрығы талқыланды. Аталған бұйрық ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» және №263 «Әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрықтарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды.
Кездесудің мақсаты – бұйрықтың мазмұнын дәрігерлерге кеңінен түсіндіру, жаңа талаптар мен ережелер туралы ақпарат беру және тәжірибелік қолдануға бағыт беру болды.
Жиналысқа аудандық емхананың дәрігерлері, басшылық құрамы және №2 МӘС бөлімінің мамандары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жағдайлар негізінде пікір алмасу жүргізілді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1010280?lang=kk
Жауап қалдыру