МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төлеби ауданында көңілді мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шара Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі отбасы үлгісіндегі балалар үйінде өтті.
Мерекеге арнайы қатысқан Түркістан облыстық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы А.Үмбеталиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Қойбағаров пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ш.Оңғаров бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтап, тілектерін арнап, естелік сыйлықтар табыстады.
Шара аясында Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өтті. Балғындар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көпшілікке тарту етті.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі бұл күннің ерекше жылулық пен қуанышқа толы өткенін айқындай түсті.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1010650?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді