
Табиғатты аялау – ұрпаққа аманат. Осы ұстаным аясында 2025 жылдың сәуірінде елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында ерекше жоба – «Мектеп орманшылығы» кең көлемде жүзеге асырылуда.
Облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровтың бастамасымен қолға алынған бұл ұзақмерзімді әрі жүйелі жобаға облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі бірлесе атсалысты.
Игі бастамаға Хиуаз Доспанова атындағы №14 орта мектеп ұжымы да белсенді қатысып, оқушылар мен ұстаздар өздеріне тиесілі аумаққа ағаш отырғызып, табиғат жанашыры – «Жас орманшы» рөлін үлкен жауапкершілікпен атқарды.
Бүгін мектеп ұжымы сол егілген жас көшеттерге қайта оралып, оларды суарып, күтім жасады. Бұл – тек экологиялық акция ғана емес, өскелең ұрпақты табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейтін өмірлік сабақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1010271?lang=kk
Жауап қалдыру