
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен жас өнертапқыштардың көрмесі өтті. Іс-шараға жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және облыстық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары атанған 30 дарынды оқушы қатысты. Жас зерттеушілер өз жұмыстарын, зерттеу жобалары мен инновациялық идеяларын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, шығармашылықты және жаңалық ашуға деген құлшыныстарын көрсетті.
Көрмені Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева және мерекенің құрметті қонақтары тамашалады. Өңір басшысы жас дарындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, олардың жарқын болашағына сенім білдірді. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың ғылыми әлеуетін дамыту аса маңызды екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1010259?lang=kk
Жауап қалдыру