
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсы жыл сайын тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезеңде (аудандық, қалалық) 10 мектептің материалдары іріктеліп алынып, II кезеңде облыстық конкурс комиссиясының шешімі негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым – 2025» грантының жеңімпаздарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін (68 млн. теңге) Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 4 білім беру мекемелеріне бөліп беруді ұсынды. ШҚО ББ тамыз кеңесінде аталған ұйым басшыларына «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломы және сертификат тапсырылады.
2025 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантының иегерлері:
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ (302 балл) – 282 ЕТЖ (24 млн.т.);
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ (298 балл) – 235 ЕТЖ (20 млн.т.);
ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ (286 балл) – 141 ЕТЖ (12 млн.т.).
ШҚО ББ «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
(286 балл) – 141 ЕТЖ (12 млн.т.).
2025 жылдың қорытындысы бойынша номинацияларда «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының келесі қатысушылары белгіленді:
«Дәстүр және инновация мектебі» ШҚО ББ Үлкен Нарын ауданы бойынша«Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ.
«Педагогикалық жетістік мектебі» ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Ақсу орта мектебі»КММ.
«Шығармашылық даму мектебі» ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ.
Байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1010361?lang=kk
Жауап қалдыру