
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Павлодар сервис және тамақтану колледжінің базасында 2025 жылғы 2-17 маусым аралығында екінші жыл бейіндік лагерь жұмыс істейді. Біздің колледждегі жазғы бейіндік лагерьдің жұмысы білім алушыларды кәсіптік бағдар беруге, олардың белгілі бір кәсіптерге деген қызығушылығын дамытуға, болашақ кәсіптік қызметті табысты таңдау және игеру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға, жұмысшы кәсіптерін танымал етуге бағытталған.
Бүгін “Аспаздар” бейіндік лагерінің ашылу маусымы өтті, іс-шараға 86 мектеп оқушысы, болашақ талапкерлер қатысты. Алдымен музыкалық фитнес-жаттығу ұйымдастырылды. Таңертеңгілік сергектікке ие болған оқушылар колледждің жетістіктері мен қызметі туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады. Қонақтарды колледж басшысы Шугабаева Гульмира Ерсаиновна қарсы алып, сөз сөйледі.
Мектеп оқушыларына арналған концерттік бағдарламамен “Жас аспаз” кәсіптік бағдарлау үгіт бригадасы өнер көрсетті. Колледж бойынша шолу экскурсиясы өткізілді, сондай-ақ колледж шеберлері “Ақылбаттл” және “Көңілді аспаздар” зияткерлік ойындарын ұйымдастырды. Біздің колледжге аспазшы, кондитер немесе мейрамхана сервисі мен қонақ үй бизнесі қызметкерлерінің мамандығын игергісі келетіндерді шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1010262?lang=kk
Жауап қалдыру