Қарағандыда көшелерді тазалау және қоқыс шығару мәселелері бойынша кімге хабарласуға керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды тұрғындары жолдарды күтіп ұстауға, қоқыс шығаруға және абаттандыруға жауапты мердігерлік ұйымдармен тікелей байланыса алады.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тапсырмасы бойынша әрбір қала мен ауданда жауапкершілік аймақтары мен байланыс мәліметтері көрсетілген мердігерлер тізімі жарияланды. Сондай-ақ компаниялар туралы ақпарат қолжетімді болуы үшін байланыс номерлері мен QR-кодтары бар қоқыс контейнерлері көшелерде орналастырылуы тиіс.

Алғашқы тізімдер Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарында бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1010231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді